Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хорватияның қаһарманына айналған Модричті кезінде көптеген клубтар менсінбеген

Опубликовано:

Әлем чемпионатында өз құрамасын алға сүйреп келе жатқан Модричтің футболдағы жолы аса ауыр басталғанына сену өте қиын. Өйткені, бүгінде жарқын ойын көрсетіп жүрген хорватты тым әлсіз санағандықтан одан бірталай мықты клуб бас тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Лука Модричтің футболдық мансабы аса ауыр басталды. Оның тіпті футболды тастап кетпек кездері де болған.

Өз туған елінде оған асқан сенімсіздікпен қараған клубтар, кішкентай футболшыны өз сапына алғысы келмеді. Соғыстан кейінгі қиын кездері оның футболдан басқаға қолы келмеген. Сол себепті, не болса да отбасына елеулі көмек көрсеткісі келген Лука, бар күшін салып көптеген елдердегі төмен деңгейлі клубтарда ойнап жүрді.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Босния, Югославия және Хорватияның чемпионатында жақсы өнер көрсеткенімен көпшілік Луканы тым арық әрі әлсіз санаған. Хорватиялық футболшыдан "Арсенал", "Барселона", "Ювентус" іспетті командалар бас тартып, жас таланттың бетін қайтарған.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Дегенмен, италиялық "Интер" сапынада өткізген бір жылы дарынды хорваттың үлкен футбол әлеміне мүмкіндігін ашты. Дәл сол кездері, Модричтің ойнына ғашық болған "Тотенхэмның" спорттық директоры Дамьен Коммоли ойланбастан оны өз клубына шақырған.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Англиялық команда сапында көпшілік әлсіз әрі арық санаған балақайды емес, ойнына әлем сүйсінер Лука Модричті көрді. "Тотенхэмдегі" сәтті өнер көрсетуі мадридтік "Реалдың" көзіне түсіп, хорватиялық ойыншы Испания астанасына жер аударған.

Лука Модрич 2012 жылдан бастап әлемнің "Реал Мадрид" сапында үнемі алаңға шығатын маңызды ойыншысына айналған.

Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Күллі әлемді мойындата білген Модрич тағдырының осылайша өрбігеніне еш өкінбейтінін айтады.

"Мен бәрібір дегеніме жететін едім", - деді Лука.
Фото: sports.ru
Фото: sports.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1741876-horvatiany-kaarmanyna-ajnalgan-modricti-kezinde-kptegen-klubtar-mensinbegen/

pixel