Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағылшындарды жеңген Бельгия құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Бельгияның ұлттық құрамасы үшінші орынға болған талас ойынында тарихында бірінші рет қола медальға ие болды. Команда Англия құрамасын 2:0 есебімен жеңіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: Петр Ковалев/ТАСС
Сурет: Петр Ковалев/ТАСС: UGC

Ойын 14 шілде күні Санкт-Петербургтегі алаңда өткен.

Матчтағы есепті төртінші минутта бельгиялық қорғаушы Тома Менье ашты.

Екі голға дейін есепті жартылай қорғаушы Эден Азар есейтті. Бұл кездесудің 82-минутында болды.

Бельгия ең үздік нәтижені 1986 жылғы әлем чемпионатында көрсеткен болатын. Олар сол кезде төртінші орынға жайғасқан еді.

Бүгін, 15 шілде күні, Мәскеудегі "Лужники" алаңында мундиальдың жеңімпазы анықталмақ. Бірінші орынға Франция мен Хорватия құрамалары таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1742264-agylsyndardy-zegen-belgia-kramasy-lem-cempionatyny-kola-zldegeri-atandy/

pixel