Келесі футболдан әлем чемпионаты қай елде өтеді?
Опубликовано:
Ресей президенті Владимир Путин футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығының эстафетасын Катардың эмирі Тамин аль-Таниге табыстады. Салтанатты шараға ФИФА-ның басшысы Джанни Инфантино да қатысты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин Катардың эмиріне арнайы "Арман" добын табыстап берді. Аталмыш доп Франция мен Хорватия арасындағы финалдық кездесуінде қолданылатын болады.

Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылы өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1742312-kelesi-futboldan-lem-cempionaty-kaj-elde-tedi/