Жаңбыр құйған сәтте жалғыз өзі қолшатыр астында тұрған Путин ұятқа қалды
Опубликовано:
Ресейде өткен футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде "Лужники" алаңында нөсерлетіп жаңбыр жауды. Табиғаттың тосынсыйын күтпеген ресейліктер қолшатырды ең алдымен Путинге әкеліп берген деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл кезде ФИФА президенті Джанни Инфантино мен француз басшысы Эммануэль Макрон қайталанбас сәтке ерекше қуанып тұрды. Ал Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович болса өз құрамасындағы Златко Даличті жұбатумен болды.

Қолшатырдың саны көбейгенімен нөсер жаңбыр тоқтаусыз жауды.

Хорватия президенті қуаныштан кубокты сүйіп алды.

Онымен қоймай, француздарды да өзінің жақындары секілді құшақтап жатты.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1742340-zabyr-kjgan-stte-zalgyz-zi-kolsatyr-astynda-trgan-putin-atka-kaldy/