Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ӘЧ-2018: Финалдың есебін дәл тапқан алматылық тұрғын байып кетті

Опубликовано:

Әлем чемпионатына дейін спорт атаулысына қызықпаған әйел адам бір-ақ күнде байып шыға келді. Ол Франция мен Хорватия арасындағы ойынның жеңімпазын ғана емес, кездесудің есебін де дәл тапқан деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: theglobeandmail.com
Фото: theglobeandmail.com: UGC

Әлем чемпионатының финалына 1000 теңге ғана тіккен Алматы тұрғыны, 135 мың теңге жеңіп алған.

Бішкектен Алматыға қоныс аударған ресейлік азаматша Елена Рогожина бұған дейін спортқа мүлде қызыпағанын айтты. Тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған ару бір-ақ күннің ішінде байып кеткен.

Елена әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көргенде өзі де бәс тіккісі келген. Ол Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тігіп 300 мың теңге ұтысқа кенелген жігіттің жетістігіне қызыққан.

"Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина Sputnik тілшісіне. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді.
Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді
"Франция мені осылайша байытып жіберді", — деді Елена.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1742464-c-2018-finaldy-esebin-dl-tapkan-almatylyk-trgyn-bajyp-ketti/

pixel