Жүгіруден әлем чемпионы болған спортшы жол апатынан қаза тапты
Опубликовано:
2015 жылы 400 метрге жүгіруден әлем чемпионы болған кениялық желаяқ Николас Бетт жол апатынын қаза болды деп хабарлайды Мир24 телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы жағдай 7 тамыз күні 28 жастағы спортшы жиыннан қайтып келе жатқанда болған.
Оның көлігі мысықпен соқтығысып, кейін Николас көлік тізгіне ие бола алмай қалған.
Марқұмның көлігі қоршауға соғылып, ол оқиға орнында көз жұмған.
Танымал спортшының артында екі жасар егіз баласы қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1746519-zgiruden-lem-cempiony-bolgan-sportsy-zol-apatynan-kaza-tapty/