Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Андрей Аршавин: Мансабым аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалмаймын

Опубликовано:

Алматылық "Қайраттың" шаубылшысы Андрей Аршавин мансабы аяқталғаннан кейін Қазақстанда қалмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Андрей Аршавин. Фото: vesti.ru
Андрей Аршавин. Фото: vesti.ru: UGC

Аршавин Қазақстанда оған барлық жағдай жасалған болса да қалмайтынын айтуда.

"Клуб қандай көлік берсе, соны басқарып жүрмін. Мен бұл жерде ешкімді таң қалдыра алмаймын. Әсіресе менің жасымда. Ертеректе барымды салып, таң қалдырып келдім. Алайда мен мансабым аяқталғаннан кейін мұнда қалмаймын. Питер жалғыз махаббатым ба? Иә", - дейді футболшы.

Ол Қазақстанда оған барлық жағдайды жасап, жақсы қарсы алғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1746996-andrej-arsavin-mansabym-aaktalgannan-kejin-kazakstanda-kalmajmyn/