Азиада-2018: Қазақстандық самбошы қыз 14-ші алтынды еншіледі

Опубликовано:

Қазақстандық балуан Ділдаш Күрішбаева самбодан Азиада чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Самбошы. Фото: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Самбошы. Фото: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі: UGC

68 келіде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Нилуфар Дәулетованы жеңді.

Есеп – 4:0. Осылайша, самбошылар ел қоржынына екі алтын салып отыр.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы сында Әлібек Зекенов қола жүлде иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1750369-aziada-2018-kazakstandyk-sambosy-kyz-14-si-altyndy-ensiledi/