Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Азия ойындарынан жеңіс алып келген спортшылар кімдер?

Опубликовано:

Индонезияда өткен Азия ойындары өз соңына жетті. Барлық жарыс күндерінің нәтижесі бойынша ауқымды доданы тоғызыншы орында тәмамдаған Қазақстан қоржынында 76 жүлде бар деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК: UGC

Биыл қазақстандық спортшылар ел қоржынына 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медальдерін әкелді.

"Алтын" жүлде иегерлері:

Ескекшілер Инна Клинова и Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий, Евгений Алексеев;

Джиу-джитсу палуандары Дархан Нортаев и Руслан Исраилов;

Самбошылар Бағлан Ибраһим и Ділдәш Құрышбаева,

Велошабандоз Алексей Луценко 2 алтын медальге ие болды,

Көркем гимнастика тобы (Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова, Адиля Тлекенова);

Оған қоса, Алина Әділханова жекелей сында да үздік атанды;

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова "қатарынан үш рет секіруден" алтын жүлделі болды;

Дзюдошы Дидар Хамза;

Каратэші Гүзалия Ғафурова;

Судағы полодан ерлер құрамасы;

Семсерлесуші Дмитрий Алексанин.

"Күміс" медальді ұтып алғандар:

Ескекшілер Сергей Токарницкий, Илья Голендов/Андрей Ергучев, Сергей Емельянов/Тимофей Емельянов және "төрттік" Инна Клинова, Ирина Подойникова, Зоя Ананченко, Виктория Копьева;

Жеңіл атлет Маргарита Мукашева;

Аралас топтық жарыстағы дзюдошылар;

Каратэші Дидар Әмірәлі;

Судағы полодан әйелдер құрамасы;

Палуандар Алмат Кебіспаев, Данияр Қайсанов, Нұрмахан Тыналиев и Жұлдыз Эшимова;

Боксшылар Асланбек Шымбергенов и Әбілхан Аманқұл;

Таэквондошы Кансель Дениз;

Теннисистер Александр Бублик и Денис Евсеев;

Триатлоншы Аян Бейсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1750430-kazakstanga-azia-ojyndarynan-zeis-alyp-kelgen-sportsylar-kimder/

pixel