Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Месси жылдың үздік футболшылары қатарына енбей қалды

Опубликовано:

"Барселона" жұлдызы Лионель Месси 2006 жылдан бері алғаш рет үздік футболшылар атағына үміткерлер үштігіне ілінбей қалды. Аргентиналық жұлдыз 12 жыл бойы FIFA-ның аталмыш тізімінде бой көрсетіп келген деп жазады cursorinfo.co.il cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Халықаралық футбол федерациясы жылдың үздік футболшылар үштігін жариялады. Бұл тізімге енген ойыншылар арасынан өткен жылдың ең мықты аяқдопшысы анықмалмақ.

FIFА жариялаған үздік футболшылар қатарына "Ювентусқа" өтіп кеткен Криштиану Роналду, оның "Реал Мадридтегі" бұрынғы топтасы Лука Модричпен "Ливерпульдің" жұлдызы Мұхамед Салах кірген.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Айта кетейік, Лука Модрич УЕФА-ның ең үздік ойыншысы атағын жақында ғана жеңіп алған. Енді ол ФИФА-ның да жүлдесіне дәмелі.

Бұл үздік үштікке 12 жыл бойы кіріп, жылдың ең мықты футболшысы болып бірнеше мәрте атанған Месси тізімде биыл жоқ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

Аргентиналық жұлдыз бұл жүлденің бес дүркін иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1750757-jgili-messi-zyldy-zdik-futbolsylary-kataryna-enbej-kaldy/

pixel