БАҚ: Данияр Елеусінов Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін боксшымен жекпе-жекке шығады
Опубликовано:
Данияр Елеусінов Геннадий Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін боксшымен жекпе-жекке шығады деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандасымыз шаршы алаңға Бостонда 20 қазан күні шығады. Оның қарсыласы кім екені белгісіз.
Алайда бокс кешенің хедлайнерлері кім екені белгілі болды. Олар британиялық Билли Джо Сондерс пен америкалық Деметриус Андраде.
Айта кетейік, егер GGG мен "Канело" арасындағы қыркүйектің 15-не белгіленген реванш болмаған жағдайда Головкин осы жаздың соңында Билли Джо Сондерс жекпе-жекке шығуы мүмкін еді.
Дегенмен басылымның жазуынша, британиялық пен қазақстандық GGG арасындағы тартысты жекпе-жекті көріп қалуымыз ғажап емес.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1750899-bak-daniar-eleusinov-golovkinni-karsylasy-boluy-mmkin-bokssymen-zekpe-zekke-sygady/