Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу аяқталды: Күллі әлем көз тіккен GGG-Сanelo кездесуі қалай өтті?

Опубликовано:

Бүгін, 16 қыркүйек күні, Лас-Вегаста (АҚШ) қос боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рингке шығады. Бұл олардың екінші мәрте өткелі тұрған кездесулері. Осыдан тура бір жыл бұрын дәл осы жерде өткен жекпе-жек екеуінің тең түсуімен аяқталған болатын. Бүгінгі маңызды оқиға туралы NUR.KZ жазады.

онлайын
Фото: instagram.com/25hourclub: UGC

Күллі әлем көз тіккен жекпе-жектің 11 раунды аяқталды. Қабақтары жарылып, сәл шаршаған Головкин мен Альварес те кейін шегінер емес.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Көзді ашып-жұмғанша кездесудің бел ортасына жеттік. Бес раунд бойына бір-біріне белсенді жұдырық сермеген боксшылар аздап бәсеңсіген секілді.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Үшінші раундта қос боксшының да басынан қан бұрқ ете қалды. Дегенмен оған екеуі де мән берген жоқ.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Екінші раундтың да аяғына жеттік. Екеуінің қарқыны қатты. Асқан дайындықпен келгені көрнініп тұр.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Көптен күткен кездесу басталып, 1 раунд әп дегенде аяқталып қалды.

Рингке Альварес те шықты.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

GGG жанкүйерлеріне қол бұлғады.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім
Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім: UGC

Жүргізуші Головкинді хабарлап, рингке шақырды. Трибуналар айқай-шудан жарыла жаздағандай.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Бүгінгі кездесу қос боксшының біреуі қарсыласын нокаутқа жібермейінше 12 раундқа созылады. Лас-Вегастағы 20 мың адамға арналған арена жанкүйерлерге лық толы.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім
Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім: UGC

Головкин дәстүрлі түрде қазақтың шапанымен шығуға дайын.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Соңғы андеркарттың соңғы кездесуі өтіп жатыр. Одан соң бүгінгі кештің хедлайнерлері Головкин мен Альварес айқасы басталады.

Жекпе-жекке барлық белбеулерін қойған қазақстандық Гена әлі дайындалуда.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Боксшылардың рингке көтерілуіне санаулы минуттар ғана қалды.

GGG қарсыласы да жекпе-жекке дайындалу үстінде.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2: Мәтін түріндегі онлайн көрсетілім

Жаттықтырушы Абель Санчес Геннадий Головкиннің қолын шынықтырып жатыр. Аз ғана уақыттан соң ол ел алдына шығады.

7.57 Головкин кездесу алдында жаттығу үстінде.

Қазақстандық жанкүйерлер өз батырларына қоодау көрсету үшін арнайы келген.

Головкин сәлден соң ең маңызды кездесу өтетін аренада түскен суретін жариялады. Ол тым сабырлы кейіп танып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1752912-sou-aaktaldy-klli-lem-kz-tikken-ggg-sanelo-kezdesui-kalaj-tti/