Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысатын болды

Опубликовано:

Допинг қолданғаны үшін Олимпиаданың екі алтынын қайтарып берген Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды. Ол Қазақстан құрамасы сапында Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына қатысады деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Илья Ильин. Фото: eurosport.ru
Илья Ильин. Фото: eurosport.ru: UGC

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы бірнеше жылға созылған допинг дауынан соң Қазақстан зілтеміршілерінің әлем чемпионатына қатысуына рұқсат берді.

Әлемдік сынға қатысатын Қазақстан спортшыларының арасында допинг үшін жарыстардан шеттетілген Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бар.

Еске сала кетейік, Ильин жақында өткен Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын.

Ашхабадтағы әлем чемпионатында Олимпиада ойындарының лицензиясы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1755295-ila-ilin-ashabadta-tetin-lem-cempionatyna-katysatyn-boldy/

pixel