Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Керемет көрінді": Сарапшы Жәнібек Әлімханұлына таңдай қақты

Опубликовано:

The Ring журналының авторы Райан Кристофер Сонгалия боксшы Жәнібек Әлімханұлының шеберлігіне таңдай қағып, оған жоғары баға берді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: UGC

Сарапшы АҚШ-тың Калифорния штатының Оклендтегі бокс кешінде жеңіске жеткен қос қазақстандық боксшы туралы ойын ортаға салған.

"Жәнібек керемет көрінді. Асхат Уәлихановтың шеберлігі аса көрінбеді. Оның қарсыласының көрсеткіші жақсы болмаса да, ол айқасуға келген. Ол демалуды білмейтін Техастан шыққан мықты жігіт болып шықты", - дейді Райан Кристофер.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 29-шы қыркүйек күні АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық Карлос Гальванды төрешілер шешімімен жеңген еді.

Америкадағы жекпе-жек сәтті өткізген боксшы қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтып, келесі жекпе-жегі 3 қарашада Техаста өтетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1755459-keremet-krindi-sarapsy-znibek-limhanlyna-tadaj-kakty/

pixel