Сауль Альварес GGG-дан кейінгі қарсыласының кім екенін айтты
Опубликовано:
Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннен кейінгі қарсыласын атады. Бұл мәлімдемені ол өз Twitter парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен сіздерге 15 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында өтетін жекпе-жегім туралы мәлімдеймін. Қатты толқып тұрмын",- деген ол жазбасында.
Келесі қарсыласы ретінде 160 фунт салмақ дәрежесіндегі қазіргі WBC чемпионы "Канело" 168 фунт салмақ дәрежесіндегі британиялық Рокки Филдингті таңдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1756547-saul-alvares-ggg-dan-kejingi-karsylasyny-kim-ekenin-ajtty/