Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин жылына қанша табыс табады?

Опубликовано:

Әлемге әйгілі Forbes журналы жүргізген зерттеу бойынша ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімі жасалды. Жүз спортшының арасында Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин. Фото: aikyn.kz
Головкин. Фото: aikyn.kz: UGC

Қазақстандық боксшы тізімнің 72-ші орнына жайғасқан.

Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс тапқан.

Ал "Канелоның" табысы 44,5 млн долларды құраған. Ол тізімнің 15-ші орнына жайғасыпты.

Сондай-ақ, бұл тізімді кіші Флойд Мэйвезер бастап тұр. Оның табысы — 285 миллион доллар.

Екінші орынға — Лионель Месси 111 млн доллармен жайғасса, Криштиану Роналду 108 млн доллармен үшінші орынды еншілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1758924-gennadij-golovkin-zylyna-kansa-tabys-tabady/

pixel