Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бойжеткен әлемнің ең әдемі спортшысы атанды (фото)

Опубликовано:

26 жастағы қазақстандық Гүлжан Накипова әлемдегі ең әдемі спортшылардың бірі саналады. Бірақ джиу-джитсу спортының шебері өзіне көрсетілген мұндай ерекше ілтипатты ұнатпайды екен. Бұл туралы Sports.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Гүлжан Накипова / instagram.com/g_nakipova
Фото:Гүлжан Накипова/instagram.com/g_nakipova: UGC

Мінсіз мүсінімен танылған ару өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына спортқа қатысты пайдалы жазбалар салып отырады.

Бойжеткен 5 жоғары оқу орнын тәмәмдапты, сонымен қатар, ән салады екен.

Мұнымен оның жетістіктері шектелмейді. Спортшы қыздың жастарға шетелдік университеттерге түсуге көмектесетін компаниясы бар екен.

2017 жылы джиу-джитсудан әлемдік турнирді жеңіп алған Гүлжан әлем чемпионатында "қола" жүлдені иемденіпті.

Сондай-ақ, астаналық бойжеткен Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы атанған. Ол ұлттық құраманың мүшесі.

Оның күйеуі Олжас Идрисов та спортқа тіккелей қатысы бар адам. Отбасылық жұп қалалық біріншіліктің жүлдегерлері.

Гүлжанның айтуынша, бұл күрес түріне деген қызығушылығын күйеуі оятқан.

Оны өз отанына да қайтарған сол екен. Бұған дейін бойжеткен Барселонада тұрыпты.

Әлем чемпионатынан оралғаннан кейін астаналық мейрамханалардың бірінде Олжас оған үйленуге ұсыныс жасаған.

Көрікті ару үшін бұл күтпеген тосынсый болғаны соншалық, қолындағы шанышқыны да түсіріп алыпты.

Гүлжан Накипова қазір күйеуімен бірге Астанада тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1759136-kazakstandyk-bojzetken-lemni-e-demi-sportsysy-atandy-foto/

pixel