Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеудесін жерден 4105 рет көтерген бес жасар балақай рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Шешенстанның бес жастағы тұрғыны Рахим Куриев екі сағат 26 минут ішінде жерден кеудесін көтеріп 4105 рет тоқтаусыз жаттығуды жасаған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: © Instagram/rahimkurievvazaev
Фото: © Instagram/rahimkurievvazaev: UGC

Балақай өзінің рекордын ресми түрде тіркету үшін оны қайта жасауға дайын екенін жеткізді.

"Біз баланың жаттығуын куәгерлер алдында жасатып, бейнекамераға түсіріп Ресейдің рекордтар кітабына тіркетуге жолдағанбыз. Алайда ұйым өкілдері тарапынан кейбір сұрақтар туындауына байланысты, бір аптадан кейін жаттығуды қайталап көрсетеміз", - дейді Шешенстанның дене шынықту және спорт министрі Муса Ханариков.

Министрдің айтуынша, кішкентай спортшы бұдан да үлкен нәтиже көрсете алады екен. Алайда оған қажеттілік жоқ болғандықтан, осы санмен шектеліпті.

Айта кету керек, бала өз жеңісін ел басшысы Рамзан Қадыровқа арнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1763337-keudesin-zerden-4105-ret-ktergen-bes-zasar-balakaj-rekord-ornatty-foto/

pixel