Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш мәрте чемпион": Василий Левит кезекті жеңіске қол жеткізді

Опубликовано:

Василий Левит үшінші мәрте бокстан Қазақстан чемпионы атанды деп хабарлайды Қазақстандық бокс федерациясына сілтеме жасаған NUR.KZ.

kfb.kz
Фото: kfb.kz: Facebook

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Левит 91 келі салмақта өнер көрсетті. Ақтық сайыста Левит Маңғыстау облысының боксшысы Бекзат Нұрдаулетовты жеңді.

Жекпе-жек Левиттің басымдылығымен 5:0 ұпаймен аяқталды. Левит Астана қаласының атынан өнер көрсетті.

Василий ел чемпионатына соңғы рет 2012 жылы қатысқан болатын.

"Сонша жылдан кейін айтарым, қарсыластар өте қабілетті. Негізгі мақсатымды орындадым, енді қателермен жұмыс істеп, жетіле түсуім керек", - деді спортшы.

Левит үш мәрте, 2009, 2015, 2017 жылдары Азия чемпионы атанған. Чемпионаттағы алғашқы алтынын 2009 жылы алған болатын.

Чемпионат нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Түркістан облысының боксшылары бірінші орынға орналасты. Олардың қоржынында екі алтын, үш күміс және екі қола жүлделері бар.

Одан кейін Маңғыстау және Жамбыл облысының спортшылары орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1764238-s-mrte-cempion-vasilij-levit-kezekti-zeiske-kol-zetkizdi/

pixel