Чемпиондар лигасы: Плей-офф кезеңіне өткен командалар белгілі болды
Опубликовано:
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен алғашқы сегіз команда белгілі болды. Бұл жөнінде lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Турнирдің көктемдегі кезеңіне А тобынан "Боруссия" (Дортмунд) және Атлетико" өтті.
В тобының үздіктері "Барселона" мен "Тоттенхэм" командалары да келесі сынаққа жолдама алды.
Сондай-ақ, плей-офф кезеңінде С тобынан "Ливерпуль" мен "ПСЖ" өнер көрсетеді.
Ал D тобынан Чемпиондар лигасы үшін "Шальке" мен "Порту" таласатын болады.
Бұл әзірге плей-оффқа өткен алғаш сегіздік. Чемпиондар лигасының көктемгі кезеңіне өтетін қалған командалар бүгін анықталмақ.
Айта кетейік, аталмыш турнирдің финалы биыл бірінші маусымда Мадридтегі "Ванда-Метрополитано" стадионында өтпек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1768125-cempiondar-ligasy-plej-off-kezeine-tken-komandalar-belgili-boldy/