Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ футболшысы Абзал Бейсебековтің әрекеті жанкүйерлерді елжіретті

Опубликовано:

Абзал Бейсебековтің
Фото: kazfootball.kz: Depositphotos

Goalkz.kz порталы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абзал Бейсебековтің қайырымдылығын "жыл әрекетіне" бағалған. Себебі футболшы маңғыстаулық көпбалалы отбасыны баспанамен қуантқан деп хабарлайды Prosports.kz.

Абзал Бейсебеков Ораза айт қарсаңында "Харекет" қайырымдылық қоры арқылы игі іс жасаған.

Футболшы Маңғыстау облысы, Жетібай кентінде 7 баланы тәрбиелеп, тағы егіз сәбилердің дүниеге келуін күтіп отырған отбасына өз қаржысына пәтер алып берген.

Айта кетейік, Абзал "Астана" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1769776-kazak-futbolsysy-abzal-bejsebekovti-reketi-zankjerlerdi-elziretti/

pixel