Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Барысы-2017" жеңімпазы допингпен ұсталды

Опубликовано:

"Қазақстан барысы- 2017" турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевтің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz: Instagram

Қараша айында өткен Қазақстан біріншілігінде екінші орын иеленген Ерғалиевтің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Бұл ақпаратты Ұлттық антидопинг комитеті де растаған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті 23 жастағы спортшыдан табылған зат пен спорттан шеттету мерзімі әлі айтылған жоқ.

2017 жылы қызылордалық балуан "Қазақстан барысы" байқауының жеңімпазы атанып, 25 млн теңгені қанжығасына байлаған еді.

Айта кетейік, осы жылы Қазақстан допингпен ұсталған спортшылардың саны бойынша антирекорд орнатқан.

Одан бөлек, күні кеше Илья Ильиннің басты қарсыласы өзбекстандық Руслан Нуриддинов те допингпен ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1770278-kazakstan-barysy-2017-zeimpazy-dopingpen-staldy/

pixel