Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен Қазақстанды таныстыратын ресейлік қыз мінсіз мүсінімен тәнті етті

Опубликовано:

Қазақстан намысын қорғайтын 22 жастағы ресейлік теннисші қыз Анастасия Епишеваны болгарлық NovSport басылымы әйелдер арасындағы жаңа "секс-символ" ретінде көрсеткен деп хабарлайды NUR.KZ

Мақала авторының пікірінше, көпшілік "сексуалды" ұғымын бұған дейін Мария Шараповамен байланыстырып келген.

Алайда жақында ғана мінсіз мүсінге ие тағы бар ресейлік теннисші ару пайда болыпты.

Сол себепті, NovSport жазуынша, жуық арада 22 жастағы бойжеткен өзіне қарағанда танымалдылыққа ие спортшыны "тағынан тайдыруы" әбден мүмкін.

Арта кетерлігі, бүгінде әйелдер арасындағы теннистен Қазақстан атынан шығып жүрген Анастасия Епишева әзірге WTA ресми рейтінгіне кірмепті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1771374-tennisten-kazakstandy-tanystyratyn-resejlik-kyz-minsiz-msinimen-tnti-etti/

pixel