Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеке ұшағымен көкке көтерілген танымал футболшы жоғалып кетті

Опубликовано:

21 қаңтар күні өзінің жеке ұшағымен Уэльске ұшқан Эмилиано Сала қонуға бір сағат қалғанда радардан жоғалып кеткен. Содан бері футболшыны сабылып іздестіріп жатыр деп хабарлайды Спорт Экспресс-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: isport.ua
Фото: isport.ua: Facebook

Футболшының әкесі Орасио Сала ESPN телеарнасына берген сұхбатында "ұлы табылып қалады" деп үміттеніп жүргенін айтқан.

"Сағаттар сырғуда. Мен ештеңе білмеймін. Бұның бәрі жаман нәрсе ойлауыма әсер етіп жатыр... Мен ештеңе білмеймін. Маған елшіліктен, клубтан, құрамадан ешкім хабарласқан жоқ", - деді әкесі.
Фото: isport.ua
Фото: isport.ua: Facebook

Айта кетерлігі, Англия чемпионатына қатысатын "Кардиф Сити" 20 миллион еуроға франциялық "Нант" клубының шабуылшысын сатып алған болатын.

Футболшы дүйсенбі күні кешкісін Кардиффке келуі қажет болған.

Жоғалған ұшақтың бортындағы футболшы мен ұшқышты екі әуе ұшағы мен бірнеше кеме іздестіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1774612-zeke-sagymen-kkke-kterilgen-tanymal-futbolsy-zogalyp-ketti/

pixel