БАҚ: Андрей Аршавин "Қайрат" сапында 1,5 млн доллар жалақы алған

Опубликовано:

Андрей Аршавин
Фото: © ФК «Кайрат»: Twitter

Андрей Аршавиннің "Қайрат" сапында алған жалақысының мөлшері анықталды. Ресейлік футболшы қазақстандық чемпионатта үздік деп танылған басқа аяқдопшылардан әлдеқайда көп ақша алып отырған деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Андрей Аршавиннің "Қайраттағы" жалақысы жайлы мәселе польшалық 2х45.info сайтында көтерілген.

Көптің көкейінде жүрген сұраққа "Вешло" басылымының бұрынғы журналисі Кароль Бохенек жауап берді.

"Қазақстанда үздік ойыншылар жылына 300-400 мың доллар алады. Алайда жалғыз Аршавин ғана ресми түрде бір жарым миллион, ресмиден тыс екі жарым милилон доллар табысқа кенелген" , - деді ол.

Айта кетейік, Андрей Аршавин "Қайрат" сапында 2016 мен 2018 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1774658-bak-andrej-arsavin-kajrat-sapynda-15-mln-dollar-zalaky-algan/