Әйгілі Салах енді әлеуметтік желіде отырмайтын болды

Опубликовано:

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах өзінің Twitter және Instagram-дағы парақшаларын өшіріп тастады. Бұл туралы британдық БАҚ-қа сілтеме жасаған Спорт Экспресс хабарлайды.

Фото: football.ua
Фото: football.ua: Depositphotos

Mirror-дың жазуынша, мысырлық футболшы желідегі аккаунттарын өшірместен бұрын жазба қалдырған.

"2019 жылдың шешімі. Шынайы сөйлесетін уақыт келді", - деп жазған Салахтың осыдан кейін парақшалары жұмыс істеуін тоқтатқан.

Басылымның мәліметінше танымал фтуболшының мұндай қадамға баруына әртүрлі себеп бар.

Бірі Салахтың Мысыр футбол федерациясымен имидждік құқығына байлынысты жанжалы себеп болуы мүмкін десе, енді бірі футболшы өзіне берген жаңа жылдық уәдесін орындап, желімен қош айтысқанын айтуда.

Айта кетейік, 26 жастағы Мохамед Салах өткен маусымда "Ливерпуль" сапында 31 матч өткізіп, 19 гол соққан.

Скриншот: sports.ru
Скриншот: sports.ru: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1775161-jgili-salah-endi-leumettik-zelide-otyrmajtyn-boldy/