Отандық боксшы өз жеңісін Головкин мен Денис Тенге арнады (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов өзінің кезекті қарсыласымен өткен жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Бұл жолы спортшы WBC бойынша бірінші орта салмақтағы жастар әлем чемпионы белбеуіне ие болған деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Басылымның мәлімдеуінше, отандық боксшы кәсіби рингте 22 жастағы мексикандық Абрахам Хуареске қарсы шыққан. Жекпе-жек канадалық Монреальде өткен.

Ахмедов үшін бұл қатарынан жетінші жеңіс болды. Ол бұған дейінгі кездесулерін де уақытынан бұрын аяқтаған болатын.

Жекпе-жектен кейін Садриддин өзінің Instagram парақшасына видео жүктеп, онда жеңісін Геннадий Головкин мен Денис Тенге арнайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1775268-otandyk-bokssy-z-zeisin-golovkin-men-denis-tenge-arnady-video/