RU

Мұз айдында бапкерімен қосылып төбелескен хоккейшілер масқара болды

Канаданың "Акадия Аксмен" және "Сент Фрэнсис Хавьер" студенттік командалары арасындағы ойын кезінде хоккейшілер мен бапкерлер штабы жаппай төбелескен. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Мұз айдында ойыншылармен бірге бапкерлер де жаға жыртысқан.

Нәтижесінде төреші "Акадия Аксменнің" сегіз ойыншысын, "Сент Фрэнсис Хавьердің" бес хоккейшісін айдыннан қуған. Клуб жетекшілерін де осылай жазалаған.

Барлық жаза уақыты 310 минутты құрады.

Ең қызықтысы, бір айдан соң аталған командалар бір-бірімен қайта кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1777072-mz-ajdynda-bapkerimen-kosylyp-tbelesken-hokkejsiler-maskara-boldy/