RU

Ислам Бозбаев Париждегі жарыстың ақтық сынында сүрінді

Францияның Париж қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam халықаралық турнирінде отандық спортшы Ислам Бозбаев екінші орын алды. Бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: olympic.kz
фото: olympic.kz: Facebook

90 келіде сынға түскен Ислам Бозбаева топтық кезеңде қарсылас шақ келтірмей, үш спортшыны жарыс жолынан шығарған.

Ол жартылай финалда израильдік Ли Кочманды ұтты.

Қазақстандық спортшы финалдық кездесуде Оңтүстік Корея спортшысы Дон Хан Гвактан "иппон" әдісімен жеңіліп, күміс жүлдені місе тұтты.

Еске сала кетсек, Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов те Париждегі турнирде күміс жүлдені иеленген болатын.

Оған дейін Галбадрах Отгонцэцэг моңғолиялық Ганбаатар Наранцецегті жеңіп, сайыстың қола жүлдегері атанған.

Айта кетейік, аталған халықаралық жарысқа әлемнің 100 елінен 633 спортшы қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1777844-islam-bozbaev-parizdegi-zarysty-aktyk-synynda-srindi/