RU

Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы аренада наурыз айының 15-де боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алтыншы кездесуін өткізбек. Оның қарсыласы әзірге белгісіз деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: sports.kz
фото: sports.kz: Facebook

Жекпе-жек Филадельфия қаласындағы Liacouras Center кешенінде өтеді.

Осы кештің негізгі кездесуінде IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы Тевин Фармер мен Джоно Кэрролл жұдырықтасады.

Бұдан бөлек, кеште Головкиннен жеңілген Габриэль Росадо Мацей Сулецкимен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылдың сәуір айында өткізген. Ол Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңген болатын .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1778085-daniar-eleusinovti-kelesi-kezdesui-kasan-tetini-belgili-boldy/