Қазақстан тумасы абсолютті чемпион атағы үшін шаршы алаңға шығады
Опубликовано:
Атақты америкалық Showtime телеарнасы Қазақстанда өмірге келген Кристина Хаммердің бокстан әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін шығатын кездесуінің анонсын көрсетті. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Неміс боксшысы Хаммер 13 сәуір күні Атлантик-Сити кешенінде АҚШ-тың спортшысы Кларесса Шилдсқа қарсы жекпе-жекке шығады.
Кездесуде боксшы қыздар чемпиондық белбеулерін сарапқа салмақ.
Осы жекпе-жектің жеңімпазы әлемнің абсолютті чемпионы аттанады.
Хаммер мен Шилдстің кездесуі 2008 жылдың қараша айында өтуі керек болған. Бірақ неміс боксшысының денсаулығына байланысты кейінге шегерілген болатын.
Еске сала кетсек, 9 ақпан күні Кристина Хаммер грузиялық қарсыласын техникалық нокаудпен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында өмірге келген.
Ол бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп кетіпті. Қазіргі уақытта Дортмунд қаласында тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1778361-kazakstan-tumasy-absolutti-cempion-atagy-sin-sarsy-alaga-sygady/