RU

Хабиб Нурмагамедов ақтөбелік аруға Toyota Camry көлігін сыйға тартты (фото)

Қазақстандық аруға ММА жұлдызы Хабиб Нурмагамедов көлік сыйлады. Спортшының көлігіне ие болған ақтөбелік ару қуанышты жаңалығын желіде жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле өзінің Instagram парақшасында спортшымен түскен суретін жүктеген. Бойжеткеннің бір суретінен қолына ұстаған көлік кілтін көруге болады.

Айта кетейік, ақтөбеліктің суреті 2200 лүпіл жинап, 200-ге тарта адам пікір қалдырған.

Желі қолданушылары Сәулені жеңісімен құттықтауда.

"Сіз үшін қуаныштымыз", "Шын жүректен құттықтаймыз", "Хабиб жарады", "Керемет", "Хабиб өз сөзінде тұрды", "Оның осылай жасайтынына күдіктенбеген едім" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1779065-habib-nurmagamedov-aktbelik-aruga-toyota-camry-kligin-syjga-tartty-foto/