RU

Америкалық Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды

Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды деп хабарлайды prosports.kz.

Америкалық Даррен Диц қазақ паспортын алды
Фотто: barys.club: Facebook

Астаналық клубтың құрамында Кевин Даллмэн, Дастин Бойд, Хенрие Карлссон және Брэндон Боченски сынды өзге ұлт өкілдері өнер көрсетеді.

"Диц Қазақстан азаматтығын алды. Астанадағы әлем чемпионатына "Барыстың" бес ойыншысы қатысады. Басқа легионерлерге еліміздің азаматтығын беру туралы әлі сөз қозғалмады", - деді функционер.

Әлем чемпионаты 25 сәуір мен 5-ші мамыр аралығында Астанада өтеді. Бұл сынға Беларусь, Оңтүстік Корея, Словения, Литва және Венгрия қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1779128-amerikalyk-darren-dic-kazakstan-azamattygyn-aldy/