RU

Қазақ боксшылары Болгариядағы турнирдің финалында жаппай ұтылып қалды

Болгариядағы София қаласында бокстан "Странджа" халықаралық турнирі аяқталды. Алайда, Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл додада алтын жүлдеден қағылды. Бір емес бес мәрте. Турнирдің финалына жолдама алған бес қазақстандық боксшы да елге күміспен оралды деп хабарлайды Olympic.kz.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Twitter

49 келідегі Теміртас Жүсіпов үндістандық Амиттен 0:5 есебімен жеңілген. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

60 келідегі Зәкір Сафиуллин Ресей боксшысы Артур Сухбанкуловқа есе жіберді. Ресейлік боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, отандасымызды алтыннан айырды.

64 келідегі Санатәлі Толтаев пен ресейлік Алексей Мазурь арасындағы тартысты жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Twitter

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда алған жарақатына байланысты ақтық сынға шыққан жоқ. Осылайша, автоматты түрде күміс медаль иеленді. 

91 келідегі Василий Левит ресейлік Садам Магомедовке 1:4 есебімен жол берді. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Twitter

Осылайша, Қазақстан командасы Болгариядағы турнирге негізгі құраммен қатысып, бес күміс олжалап қайтқан. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1779559-kazak-bokssylary-bolgariadagy-turnirdi-finalynda-zappaj-tylyp-kaldy/