Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның намысын қорғайтын ресейлік ару төрт жылға спортпен қош айтысты

Опубликовано:

Қазақстандық ауыр атлет Надежда Лихачева допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін төрт жылға спорттан шеттелді деп хабарлайды Vesti.kz.

Көрнекі фото: sports.kz
Көрнекі фото: sports.kz: Depositphotos

Енді Лихачева 2022 жылдың 14 желтоқсанына дейін ешбір жарысқа қатыса алмайды. Яғни ол 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап спорттан шеттетілген. Спортшы ару Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен де айырылған.

Еске кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Надежда Лихачеваға қатысты тыйым салынған заттарды ("тестестерон" ) пайдаланды деген айып тағылған болатын.

Айта кетсек, талай жарыстарда Ресейдің намысын қорғаған ресейлік ару 2018 жылы елін ауыстырып, Қазақстан атынан сынға түсе бастады.

Тіпті, 2018 жылы Ашхабадта өткен әлем чемпионатында ел қоржынына қола медальді салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1780202-kazakstanny-namysyn-korgajtyn-resejlik-aru-trt-zylga-sportpen-kos-ajtysty/

pixel