RU

Қазақстандық боксшы Лондонда қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)

Қазақстандық боксшы, әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек бүгін түнде кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Facebook

Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке қарсы жұдырықтасты.

Жекпе-жек төртінші раунда нокутпен аяқталды.

"Аллаға шүкір, төртінші жеңісіме қол жеткіздім! 2019 жыл сәтті басталды!", - деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек - 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1780220-kazakstandyk-bokssy-londonda-karsylasyn-nokautka-tsirdi-video/