Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ешқашан жеңілмеген қазақстандық боксшы ойда-жоқта ресейлікке айналды (фото)

Опубликовано:

Екатеринбург қаласында кездесу өткізген 21 жастағы қазақстандық боксшы Станислав Калицкий филиппиндік Вонсоно Делоперені жеңген. Алайда, жекпе-жек күмәнді сұрақтарды қалдырды деп жазады Sports.kz.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: UGC

Бұл кеште жанкүйерлердің назарын аударған басқа факт болды. Нақтырақ айтқанда, шаршы алаңның анонс хабарлаушысы қазақстандық боксшыны Ресейдің Екатеринбург қаласынан деп таныстырды.

Ал оның алдында дәл осы анонс хабарлаушы Станиславты "Қазақстанның Қостанай қаласынан келген" деп таныстырып жүрген.

Одан бөлек, портал Калицкийдің превьюінде тудың суреті ауысып кеткенін айтқан.

Бұрын ол Қазақстан туымен шықса, бұл жолы спортшының суреті астында Ресей туы тұрған. Ешқашан жеңілмеген қазақстандық боксшының азамат ауыстырған-ауыстырмағаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1780235-eskasan-zeilmegen-kazakstandyk-bokssy-ojda-zokta-resejlikke-ajnaldy-foto/

pixel