RU

Елеусіновтың ағасы қарсыласын 10 секундта нокаутқа жіберді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Дәурен Елеусінов мансабындағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Отандасымыз мексикалық қарсыласын 10 секундта сұлатқан деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елеусіновтер. Фото: КФБ
Елеусіновтер. Фото: КФБ: Depositphotos

Карлос Урреа мен Дәурен Елеусінов арасындағы кездесу мексикалықтың өз отанында өткен. Жекпе-жек бірінші раундтың 10-шы секундында қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Данияр Елеусіновтың ағасы Карлос Урреаны нокаутқа түсірді. Осылайша, Дәурен Елеусінов кәсіби рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1780299-eleusinovty-agasy-karsylasyn-10-sekundta-nokautka-ziberdi-video/