RU

ММА спортшысы қарсыласын ерекше әдіспен жеңіп кетті

Бразилия спортшысы Микель Перейра Road FC турниріндегі жекпе-жек кезінде қарсыласын стандартқа сай келмейтін әдістермен жеңді. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Микель Перейра оңтүстік кореялық Дае-сун Кимді техникалық нокаутпен екінші раундта жеңді.

Жекпе-жек кезінде бразилиялық сальто жасап, орнынан айналып, рестлинг спортының бірнеше әдістерін жасаған.

Айта кетейік, бұл Перейраның мансабындағы 22-ші жеңісі. Спортшы тоғыз кездесуде жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1780656-mma-sportsysy-karsylasyn-erekse-dispen-zeip-ketti/