RU

"Канело" Головкиннің мықтылығын мойындады

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкинді салыстырды деп хабарлайды Vesti.kz.

фото: bookmakers.kz
фото: bookmakers.kz: Facebook

"Канело" 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде америкалық Джейкобспен қолғап түйістіреді. Мексикалық аталған бокс кешінде барлық титулдарын қорғайтын болады.

Спортшы дайындық барысын айтып, Джейкобс пен Головкиннің жұдырықтасу стильдерін салыстырған.

"Мығым және қиын боксшылар болады. Джейкобста екеуі де бар. Ол мығым, әрі қиын. Головкин - тек алға ұмтылатын өте мықты боксшы, бұл жекпе-жекте үлкен қиындық туғызады. Бірақ олардың стильдері әртүрлі", - деді мексикалық боксшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1780670-kanelo-golovkinni-myktylygyn-mojyndady/