Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отанын бәрінен биік қойған Фируза Шарипова миллион доллардан бас тартты

Опубликовано:

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шариповаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарына өзге елдің атынан қатысуға ұсыныс түскен. Алайда өз отанын бәрінен биік қойған ару ұсыныстан бас тартқан. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Depositphotos

Сергей Завилейскийдің сөзінше, отандасымызға өз елдерінің намысын қорғауға екі ел ұсыныс білдірген.

"Фируза Азияда өте танымал. Оның жекпе-жектері Fox Asia-да үлкен аудиториямен көрсетілді. Сондай-ақ Сингапурдағы Sportel көрмесіне қатысуға да ұсыныс алды. Фирузаға өздерінің туы астында өнер көрсетуге екі ел ұсыныс білдірді: бірі бұрынғы кеңестік республика, бірі азиялық мемлекет. Екінші жағдайда, Фируза Олимпиада ойындарында осы елдің атынан шығатын болса 1 миллион доллар ақшалай сыйлыққа ие болатын еді. Этикалық себептерге байланысты мен ол елдерді атамаймын, себебі Фируза ұсыныстан бас тартты", - деген менеджер Фируза әрқашан Қазақстан үшін өнер көрсететінін атап өтті.

"Қазіргі уақытта біз Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ол үшін Қазақстан чемпионатын ұтып, күзде Ресейде өтетін Әлем кубогына лицензия алуымыз керек. Біз бапкерлер штатын ауыстырдық, қазір Фируза Ресей құрамасының жаттықтырушысы және спарринг серіктестерімен жаттығып жүр. Мен оның барлық іріктеу кезеңдерінен оңай өтіп, Олимпиада ойындарында топ жаратынына күмәнім жоқ", - дейді Сергей Завилейский.

Айта кетейік, Шарипова 2020 жылы Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына қатысуға ниет білдірген еді. Алайда оның алғашқы арманы кәсіби бокста абсолютті әлем чемпионы атану болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1780813-otanyn-brinen-biik-kojgan-firuza-saripova-million-dollardan-bas-tartty/

pixel