RU

17/1: Қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания құрамасын ойсырата жеңді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы британдық команданы ойсырата жеңді деп хабарлайды Универсиада сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Қазақстанның олимпиада комитеті
фото: Қазақстанның олимпиада комитеті: Depositphotos

Отандық спортшылар британдық құраманың қақпасын 17 рет көздеп, өз қақпасына 1 шайба жіберіп алды.

Ойын 6 наурыз күні орын алған.

Бірінше кезең 5:1 есебімен аяқталды. Екіншісінде 9 шайба, соңғысында 3 гол салған отандық хоккейшілер британдық спортшыларды жеңді.

Қазақстан құрамасы 3 жеңіспен В тобында Канадамен бірге көш бастап тұр.

Айта кетейік, келесі ойын Канада мен Швейцарияға қарсы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1782404-171-kazakstandyk-hokkejsiler-lybritania-kramasyn-ojsyrata-zedi/