Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финляндиядағы бокс турнирінен қазақстандық спортшылар алтынсыз қайтты

Опубликовано:

Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Gee Bee халықаралық бокс турнирінде қазақстандық боксшылар жеті медаль жеңді, бірақ оның ішінде бірде-бір алтын жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

Финляндиядағы халықаралық бокс турнирінде қазақстандық спортшылар алтынсыз қалды
Фото: olympic.kz: Facebook

Финалға шыққан 52 келідегі Азат Махметов пен 91 келідегі Айбек Оралбай ақтық сында, қарсыластарын жеңе алмады.

Махметов финалда төрешілер шешімімен қырғызстандық Азат Үсенәлиевтен ұтылса, Оралбай ағылшын боксшысы Клэрк Цевоннан ұтылды.  

Бес боксшымыз қола медалін қанжығасына байлады: Ержан Жомарт (49 келі), Жанболат Қыдырбаев (56 келі), Талғат Шайкен (69 келі), Нұрбек Оралбай (75 келі), Тимур Ержанов (81 келі). 

Былтыр өткізілген Gee Bee турнирінде Қазақстан боксшылары бес алтын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1782791-finlandiadagy-boks-turnirinen-kazakstandyk-sportsylar-altynsyz-kajtty/

pixel