Криштиану Роналдудың "Реалға" қайта оралатыны рас па?
Опубликовано:
Мадридтік "Реал" бұрынғы бапкерімен қоса, бұрынғы жұлдызды шабуылшысын да қайтарып алмақ. Бірқатар шетелдік басылымдардың жазуынша, Зинедин Зиданның командаға оралуы Криштиану Роналдуды да бір қадамға жақындатты деп хабюарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зидан "Реалға" қайтып оралмай тұрғанда, көпшілік оны "Ювентустың" тізгінін ұстайды деп болжаған болатын.
Бұл ақпараттар аясында бүгінде туриндік команданың намысын қорғап жүрген Криштиану Роналду сұхбат беріп, француз бапкерімен қайта бас қосуды арман ететінін жасырмай айтқан.
Қос футбол шебері Мадридте ерекше үйлесімділік көрсеткен.
Бірі бапкерлік қырынан, екіншісі ойыншы ретінде өзін жақсы көрсетіп, біріге үлкен жетістіктерге қол жеткізген.
Анықталғандай, Зидан "Реалға" қайта оралу туралы ұсынысты бірден қабылдай қоймаған.
Маман ойлануға арнайы уақыт алған. Оның да өз себебі бар. Француз бапкері мадридтік команданы басқаруға келіспес бұрын, клуб президентіне айтар бірнеше шарттарын дайындаған.
Олардың қатарына алдағы уақытта өзі қажет етпейтін ойыншыларды сатып, жаңа аяқ допшылардың келуін қамтамасыз ету болған.
Сонымен қатар, Зизудың Флорентино Переске қойған басты талабы - сүйікті ойыншысы Криштиану Роналдуды "Реалға" қайтару болып шықты.

Eurosport басылымының жазуынша, "Ювентус" сәтсіз ойыны салдарынан чемпиондар лигасынан ұшып кетсе, Роналдудың Мадридке оралуы әбден мүмкін.
Себебі, туриндік клуб қашанда ойыншысын жақсы сомаға сатып жіберуге кет әрі емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1783065-kristianu-ronaldudy-realga-kajta-oralatyny-ras-pa/