Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіске жетті

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Getty Images

Елеусінов АҚШ-тың Филадельфия қаласында бүгін таңсәріде өткен бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті.

Олимпиада чемпионының қарсыласы 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. Жартылай орта салмақтағы айқас сегіз раундтан тұрған. Нәтижесінде, ол төрешілердің бірауызды шешімімен ұпай саны бойынша Даниярдың пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық боксшы профи-рингте алтыншы рет жеңіске жетті. Ол алдыңғы үш жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған болатын. Сильверио Ортис болса, өз мансабында 24-інші рет жеңілді.

Еске салайық, Данияр Елесуінов кәсіпқой боксшы ретінде алғаш рет өткен жылдың сәуір айында жұдырықтасқан болатын. Биыл чемпиондық белдіктер үшін айқаса бастайтыны күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1783847-daniar-eleusinov-ksipkoj-boksta-altynsy-ret-zeiske-zetti/

pixel