Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элизабет Тұрсынбаева әлемдік жарыстарға Қырғызстан атынан қатыспақ болған

Опубликовано:

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған Элизабет Тұрсынбаева халықаралық жарыстарда өзге ел намысын қорғамақ болыпты. Алайда спортшы қыздың ата-анасы оның өз тарихи отанының атынан шыққанын қалаған деп жазады Eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Getty Images

2013 жыл Элизабет Тұрсынбаеваның өмірін түбегейлі өзгерткен. Бұл кездегі маусымда спортшы қызды Ресей және Мәскеу құрамаларына қосты.

Бірақ, отбасылық кеңесте мәнерлеп сырғанаушы тарихи отанының намысын қорғайды деген шешім қабылданған.

"Мені ақша қызықтырған жоқ. Біз оның не Қырғызстан, не Қазақстан атынан шығуы керек деп есептедік. Себебі, мен - қырғыз болсам, жолдасым - қазақ. Біздің еңбегіміз елге өз септігін тигізсін деген ниетпен Қырғызстанға жүгіндік. Алайда, мұнда мәнерлеп сырғанау федерациясы жоқ болып шықты.
Ал федерациясыз әлемдік жарыстарға қатысу өте қиын. Қазақстанда да жоқ, бірақ олар мәнерлеп сырғанаушыларды конькишілер федерациясының құрамына қосты. Сол себепті, Қазақстанды таңдадық" , - деді Элизабеттің анасы Падишахан Сұлтаналиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1785089-elizabet-trsynbaeva-lemdik-zarystarga-kyrgyzstan-atynan-katyspak-bolgan/

pixel