Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та жеңіліске ұшыраған қазақ боксшысы ауруханаға түсті

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов пуэрторикалық Хосе Лопеске қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Instagram

Денсаулығы күрт нашарлап, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған қазақстандық боксшының жағдайы жайлы оның баспасөз хатшысы мәлім етті.

Уәлихан Қосанбай Facebook парақшасында Асхаттың шұғыл түрде ауруханаға түсуіне не себеп болғанын айтты.

"Шүкір, қазір Асxаттың жағдай жақсы. Жекпе-жекті тоқтатудың басты себебі, қанының ұйып, судорог ұстауы болды.
Салмақ өлшеуге дейін Асxаттың жағдай жақсы болатын. Содан соң денесінде су бірден төмендеп, шамалы суықтап қалған. Соған байланысты ол жекпе-жекке бір күн қалғанда түнімен ұйықтай алмай шыққан. Оған климаттың өзгеруі де әсер еткен.
Асxаттың мұндай жайғдайын көрген менеджер Эгис Климас кездесуден бас тарту туралы ұсыныс айтқан. Бірақ боксшымыздың өзі жекпе-жекке шығуға ниетті болды.
Сөйтіп 1-2 раундты амалдап өткізді. 3 раундтан бастап аяғы мен қолы тырыса бастады. Ал 6 раунд аяқталған соң судорог ұстаған. Осыдан кейін бапкерлер мен менеджер жекпе-жекті тоқтатты.
Содан соң Асxат бірден емxанаға кетті. Дәрігерлер қанның ұйып қалғанын айтты. Қазір Асxат Лос-Анджелес қаласына келді. Осы жерде ем-домын алады" , - деді Қосанбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1786261-aks-ta-zeiliske-syragan-kazak-bokssysy-auruhanaga-tsti/

pixel