RU

Нурмагомедов Макгрегорды қызғаншақ әйелге теңеді

Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов UFC жұлдызы ирландиялық Конор Макгрегорды қызғаншақ әйелге теңеп, оның мансабын аяқтаймын деген сөзіне сенбейтінін жеткізді. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нурмагомедов сейсенбі күні Мәскеудегі Плеханов университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

"Конор пікірін бірнеше рет өзгертетін адамдардың қатарына жатады. Ертең-ақ қайтадан спортқа оралғанын мәлімдесе, мен таңғалмаймын. Ол UFC-пен ресми шарт жасамады, солай ол өзін UFC жоғалтқанын көрсеткісі келеді.
Бұл UFC-пен келісімге келу үшін жасалған саяси қадам. Мен олармен келіссөз жүргізудің қиын екенін білемін (...).
Конор – қызғаншақ әйел секілді", - деді Хабиб Нурмагомедов кездесуде.

Еске сала кетсек, наурызда Макгрегор спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1786731-nurmagomedov-makgregordy-kyzgansak-jelge-teedi/