Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған ұнамайды": Еркебұлан Сейдахмет өзін Мессиге теңейтіндерге жауап қайырды

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет журналистер қойған "қазақтың Мессиі" лақап атына қалай қарайтынын жеткізді. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Спортшы Diema Sport сайтына берген сұқбатында осы жайлы ашып айтты.

"Мен Қазақстанда "үлкен жұлдызбын" деп айта алмаймын. Жанкүйерлер мені жақсы көріп, әрбір ойынымды бақылап отырады. Оларға үлкен алғысымды білдіремін.

Ал "қазақтың Мессиі" атауына келсек, оны жанкүйерлер емес, бұқаралық ақпарат құралдары ойлап тапты.

Бірақ мен Месси емеспін, мен Еркебұлан Сейдахметпін. Маған бұл теңеу ұнамайды", - деді футболшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1787428-magan-namajdy-erkeblan-sejdahmet-zin-messige-teejtinderge-zauap-kajyrdy/