UFC жұлдызы бірнеше жыл бойы өз әйелін зорлап келген
Опубликовано:
Америкалық аралас жекпе-жек спортшысы Би Джей Пеннге сот бұрынғы әйеліне жақындауға тыйым салды деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Балаларының анасы Шилен Уайве спортшыны сексуалды, физикалық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады.
Ол 2018 жылдың қазан айында соттан жұбайына уақытша жақындамау туралы бұйрық алған болатын. Ағымдағы жылдың ақпанында сот оны 2021 жылға дейін ұзартты.
Әйелінің сөзінше, Пенн он жылдық қарым-қатынасы кезінде өзін өте дөрекі ұстаған. Соңғы үш жыл бойы спортшы балалардың көзінше оған қоқан-лоққы көрсетіп, сексуалды тұрғыда жәбірлеген.
40 жастағы Пенн 12 мамырда өтетін абсолютті жекпе-жек чемпионатына дайындалып жатыр. Оның қарсыласы - америкалық Клей Гвида.
Пенн - жеңіл және жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның есімі 2015 жылы UFC-дің даңқ залына енгізілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1788389-ufc-zldyzy-birnese-zyl-bojy-z-jelin-zorlap-kelgen/